AEREX NEWS KZ
23.10.2026
Қазақстанда аэротаксидің коммерциялық рейстерін 2028 жылы іске қосу жоспарлануда
Қазақстан ұшқышсыз технологиялар мен қалалық әуе мобильділігін дамытуды жалғастыруда. Елдегі аэротаксидің алғашқы коммерциялық рейстерін 2028 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда ұшқышсыз көлік және әуе кеңістігін жаңа көлік және технологиялық шешімдер үшін пайдалануды көздейтін «төмен биіктіктер экономикасы» бағыттары белсенді дамып келеді.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы және Қосшы қалаларында жүргізушісіз таксиді енгізу бойынша үш жылдық пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Алматыда дрондар арқылы жүк жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Бұдан бөлек, Астана мен Алатауда аэротаксидің көрсетілімдік ұшулары өткізілді. Елімізде мұндай әуе кемелерін пайдалануды және қажетті қону инфрақұрылымын дамытуды реттейтін заңнамалық өзгерістер қабылданды.

2028 жылы аэротаксидің коммерциялық рейстерін іске қосу Қазақстандағы озық әуе мобильділігін (Advanced Air Mobility, AAM) дамытудағы маңызды кезеңге айналып, ұшқышсыз жүйелер өндірушілері, технология әзірлеушілері және инфрақұрылымдық шешімдер ұсынатын компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Дереккөз: Zakon.kz

AEREX Astana 2027 — ұшқышсыз технологиялар мен озық әуе мобильділігінің халықаралық көрмесі

Ұшқышсыз авиация мен аэротакси технологияларын дамыту AEREX Astana 2027 көрмесінің негізгі бағыттарының бірі болмақ. Бұл — Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық дрондар, ұшқышсыз авиациялық жүйелер және озық әуе мобильділігі технологияларына арналған халықаралық B2B көрме.

Көрме ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндірушілерді, технология әзірлеушілерін, жабдық жеткізушілерін, инвесторлар мен әлеуетті тапсырыс берушілерді біріктіреді. Экспозицияда логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылым мониторингі және қалалық әуе мобильділігі салаларына арналған шешімдер, соның ішінде eVTOL және аэротакси технологиялары ұсынылады.

AEREX Astana 2027 көрмесі 2027 жылғы 9–11 маусымда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana, Bautrux Astana халықаралық көрмелерімен және SCALEX Astana логистикалық форумымен қатар өтеді.